Жануарлар әлемін қорғау

Ұлттық парктің жануарлар әлемін қорғауда кордонда тұратын инспектор-орманшылар басты рөл атқарады.

Әрбір инспекторда қорғауға арналған өзінің белгіленген жері бар. Инспекторлар жаяу жүріп, атпен және автокөлікпен торуылдап қарап шығады және топтық тексерулер ұйымдастырады. Жылдың жекелеген маусымдарында, мысалы – марал мүйізінің пісіп жетілген кезінде, суыр аулау маусымының ашылған шағында және тағысын тағы, кейбір учаскелерде арнайы блокты күзет орындары қойылады.

Оперативті күзетті жақсарту үшін Іле-Алатау паркі филиалдары мен Алматы МТКҚ жанынан құрылған оперативті топтар, сондай-ақ күзет бөлімі инспекторлары қатарынан оперативті-жүріп-тұратын және жануарлар әлемін ұдайы жаңғырту топтары құрылып, жұмыс істеуде. Бұл топтар толығымен қызметтік қару-жарақпен, арнайы жабдықтармен, радио және мобильді байланыспен жабдықталған, олар ұлттық парктің қорғаныс аумағының табиғатты қорғау тәртіптемесін бұзушылықпен тиімді күресуге мүмкіндік береді.


Биотехниялық іс-шаралар


Ұлттық парктің басты міндеттерінің бірі – жабайы жануарлардың орнықты санын сақтап қалу, егер керек болса тиісті көлеміне дейін санын өсіру.

Паркте өткізіліп жатқан басты биотехниялық іс-шараларға мынадай жұмыстар жатады: тұяқтыларды минералды азықтандыру (тұз сауыттарына тұз салу), тұяқтылар мен тауық тектес құстарды мал жемімен, пішенмен, бұтақты азықпен және басқа да азықтық концентраттармен азықтандыру, жыртқыштардан – қасқыр, шибөрілердің санын реттеп отыру. Бұл жұмыстарды филиалдардың басшылығымен және аңшылардың бақылауымен аралау кезінде инспекторлар атқарады. Ұлттық паркте биотехнияның арқасында аштық пен қардың көп болуынан жануарлардың мерт болуы немесе олардың парктен тыс шығып кетуі байқалмаған.


Есепке алу жұмыстары және мониторинг

Жабайы жануарлардың саны олардың популяциясының қандай жағдайда екендігінің көрсеткіші болып табылады. Санының өсуі жануарлардың аман-есен тіршілігін көрсетеді, ал азаюы – кері жағдай туралы.

Есепке алу жұмыстары нәтижесінде парк жабайы жануарлар саны туралы мәлімет алып қана қоймай, аумақтық орналасу, жыныстық және жастық құрылымы, шоғырлану орындары мен көші-қон жолдары туралы мәліметтер алады. Жабайы жануарлардың оңтайлы санына деген салыстыру талдау жұмыстары жүргізіледі және олардың санының өзгеру тенденциялары, популяциялық өсім көлемі анықталады. Есепке алу мағлұматтарының негізінде парк жануарлар санының жылдық өсімін болжамдауға, жыл бойынша сандық динамикасын талдауға, жыныстық және жастық құрылымдағы өзгерістер туралы білуге, сонымен қатар биотехниялық жұмыстар кешенін жүргізуге мүмкіндік алады.


Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды қалпына келтіру және орман өсіру іс-шаралары

Орман – ұлттық парктің басты байлығы. Сондықтан да оны сақтау және қалпына келтіру бірінші кезектегі мәселе. Парк аумағында орманды қалпына келтіру іс-шаралары эрозиялық үрдіске жол бермеу, экологиялық жағдайды жақсарту мен орман алқабын көбейту, сондай-ақ техногендік құбылыстардың салдарынан зардап шеккен орман қызметін қайта қалпына келтіру мақсатында ұйымдастырылады.

Шренк шыршасы секілді аборигендік түрлерден кәдімгі өрік пен Сиверс алмасын отырғызу кезінде, сонымен бірге парктегі басқа да аборигендік өсімдік түрлеріне зиян келтіретін өсімдіктердің бөгде түрлерін отырғызуға тыйым салынған.


Орманды қорғау іс-шаралары

Орманды зиянкестерден және ауруларынан қорғау үшін орманның жағдайын жүйелі түрде бақылаумен, зиянкестер мен ауруларын өз уақытында анықтаумен, ошақтары пайда болмас үшін алдын алу, шектеу және жою шараларымен қамтамасыз етілген. Бұл үшін ұлттық паркте зиянкестердің және орман ауруының дамуын алдын ала тексерілген барлау жолымен ағымдағы орман патологиялық зерттеулер жүргізіледі.


Өртке қарсы іс-шаралар және орман өртімен күрес

Күзетті жақсарту мақсатында жыл сайын орманды қорғау қызметкерлеріне ұлттық парк аумағында өртке қарсы орналасу, тау жағдайында орман өртін сөндіру, сондай-ақ мұндай жұмыстарды атқару кезінде қауіпсіздік техникасын сақтау мәселелері бойынша оқыту және нұсқама жұмыстары жүргізіледі.

Алматы мемлекеттік табиғи кешенді қаумалында және барлық филиалдарында 2009 жылдан бастап парк қызметкерлері арасынан 50 адамнан тұратын төтенше жағдайларды жою бойынша топтар құрылып, жұмыс істеуде. Олар әрдайым орман өртін сөндіру мен басқа да техногендік факторларды жою бойынша дайындықта тұрады.


Ғылыми зерттеулер

Парктің ғылыми-зерттеу жұмыстары мен таудың әралуандылығы бөлімінің негізгі ғылыми тақырыбы Табиғат жылнамасы бағдарламасы бойынша жекелеген табиғи нысандар мен экологиялық жүйелердің мониторингісін жүргізу болып табылады.

Бұл бағдарлама бойынша мониторингтік аймақтарда ботаникалық зерттеулер жүргізіліп жатыр. 2007-2011 жылдары мұндай 16 алаңшаның 12-ін аға ғылыми қызметкерлері А.А. Иващенко мен Р.М. Төреханова зерттеуге алған. Оларда: алма ағаштары – 5, шыршалар – 5, тіректер – 2, өрік пен шырғанақтар – біреуден. Ормандардың ең қызықты типтерін бақылаудың нәтижесінде бірен-сараны өңделіп, талданып, жарияланды.

Мониторингтік алаңшалардың барлығында да ағаш-бұта тектес тұқым түрлері есепке алынып, карта-сызбалар дайындалды, ағаштардың биіктігі, діңгектердің диаметрі,шамамен жасы анықталды. Сондай-ақкөрсетілген алаңшалардың флористикалық құрамы анықталды. Алма ағаштарының өзінде 53 тұқымдастары мен 153 тектерінен 215 түрі белгіленді. Барлық қаралған алаңшаларда алманың әр алуан түрі зерттелді. Көлемі, салмағы, формасы, түсі мен жемістің дәмі жағынан ерекшеленетін 60 формасы анықталып, толық суреттелді.


Экологиялық ағарту

Ұлттық парктің экологиялықағарту қызметі Алматы қаласының, Алматы облысы Талғар, Еңбекшіқазақ және Қарасай аудандарының тұрғындарына, сондай-ақ түрлі санаттағы ұлттық парке келушілерге, туристерге бағытталған. Экологиялық ағарту мынадай іс-шаралардан тұрады:

- экологиялық білімді насихаттау, бұқаралық ақпарат құралдарында парк қызметімен таныстыру;
- келушілерге визит-центр ұйымдастыру, парктің табиғатына, өңірдің тарихы мен мәдениетіне арналған көрмелер мен қойылымдар көрсету;
- паркті қолдау мақсатымен «Парктер шеруі» жыл сайынғы табиғатты қорғау акциясын өткізу, студенттер үшін экологиялық лагерлер мен тәжірибеден өтуді ұйымдастыру;
- мектеп орманшылығын ұйымдастыру.

Жыл сайын «Хабар», «Астана», «Қазақстан-1», «31 арна» және басқа да телеарналар, сондай-ақ қазақ радиосы парк ұжымының қатысуымен экологиялық бағдарламалар ұйымдастырады. Астана, Алматы, Талғар, Қаскелең, Есік қалаларының орталық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында табиғатты қорғау тақырыбында мақалалар жарияланып тұрады.