Алматы облысы Талғар ауданы Бесқайнар ауылының тұрғыны Дмитрий Анатольевич Токарев орманнан жабайы жануарды (сібір елігін) тауып алды. Табылған кезде жануар әлсіз болған, өздігінен қозғала алмайды. Сол жағдайдан кейін Токарев Д. А. сібір елігін өз үйіне алып келді. Үйінде жануарды шөп, сумен қоректендірді.
Кейіннен бұл жағдай туралы Д. А. Токарев Іле Алатауы Ұлттық саябаққа хабарлады. Осыдан кейін ұлттық парктің инспекторлары Талғар ауданының ветеринарымен бірге жабайы жануардың мекен-жайына барды. Д. А. Токаревке үйге келгеннен кейін ветеринар жабайы жануарға визуалды тексеру жүргізді, температура өлшенді және т.б. жануар қанағаттанарлық жағдайда болды, жануардың денесінде сыртқы зақым болған жоқ. Мүмкін, жануар қаңғыбас иттерден қашып кеткен, нәтижесінде әлсіреген.
Тексеруден кейін жабайы жануар Іле-Алатауы ұлттық паркінің Талғар филиалы аумағына, табиғи мекендеу ортасына жіберілді.