Табиғатты қорғау акциясы аясында, Іле – Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Талғар филиалының эколог-ағартушы А. Шалғынбаева Ю.Гагарин атындағы гимназияның, мектеп орманшылығы оқушыларымен Аюсай визит орталығында “Жабайы жануарлар” тақырыбына семинар сабақ, “Мың көз» соқпағына экскурсия жасап, тасқа салынған суреттер(петроглиф) тамашалап қайтты. Суретшінің тасқа салынған петроглифтерін «Мың көз» соқпағынан кездестіруге болады. Оқушыларға квест ойыны ұйымдастырылып, экскурсия кезіндегі көріністі қағаз бетіне түсірді.