2024-жылы, қаңтар айының 10-күні ҚР Қызыл кітабына енген кеміргіштің бірі, Үнді жайрасы (лат. Hystrix indica) парк аумағының қорғау аумағында алғаш рет фотоқақпанға түсті. Дәл сол мекендеу орнында 12-сі күні екі дарағы қатар түскен. Сонымен қатар, 3-қаңтар күні дәл сол орында ҚР Қызыл кітабына енген тағы бір сүтқоректі жануар Түркістан сілеусіні де (лат. Lynx lynx isabellinus) фотоқақпанға ілінген. Түскен орны – Ақсай филиалы. Фотоқақпанды орнатқан мамандар – биолог-аңтанушы Жазылбек К. және мемлекеттік инспектор – Хомайко В.Н.