06.12.2024 жылы ZOOM платформасы арқылы Алматы қаласы мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы прокурорының орынбасары төрағалығымен Үлкен Алматы көліне (БАО) заңсыз жол жүру мәселесін талқылау бойынша кеңес өтті. Кеңеске: Іле – Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Алмарасан шекара бөлімшесі, Алматы қаласы полиция департаменті, Тянь-Шань астрономиялық обсерваториясы, «ҚазАвтоЖол» ҰК » АҚ Алматы облыстық филиалы, Қазгидромет РМК, Алматы қаласы құтқару қызметінің авариялық-құтқару жұмыстары қызметі, «Альпийская роза»ЖШС, «АЛЭС» АҚ, Бостандық ауданының Төтенше жағдайлар басқармасы, ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ қатысты.