Іле-Алатау МҰТП шатқалдарында мекен ететін сүтқоректі саны — 48, соның ішінде ҚР Қызыл кітабына енгені — 5 түр. Олардың арасынан Түркістан сілеусіні (Felis lynx isabellinus) түршесін атап өтуге болады. Бұл мысықтұқымдас жыртқыштың тыныс-тіршілігі көзге сирек түседі. Ол тек мониторингтік бақылау кезінде қойылған фотоқақпан көмегімен анықталады. Биыл (2024 жылдың көктемі мен күзінде) жылдағыдан ерекше бірқатар фото-видеолар ғылым материалдарын толықтырды. Атап айтсақ, аша тұяқтылар тұз жалайтын орында сілеусіндер бары анықталды. Қызығы, олар тұзды кейде жалап, кейде тіпті сол маңайдағы балшыққа әрлі-берлі аунайды. Жыртқыш аңның терісіне лай не үшін қажет болғаны – бізге жұмбақ, бұл құбылыс бұдан кейін ұдайы бақылауды қажет етеді.
Мақала авторы: ғ.қ Жапарқұлов Тұңғыш Мойынбайұлы
Видеоны өңдеген: к.ғ.қ. Тұрсымбай Калима Сәрсембайқызы