Түрген филиалында «Өрт 2024» тактикалық оқу-жаттығулары өткізілді

«Іле-Алатауы МҰТП» Турген филиалы Түрген сайының, Түрген-Ассы автокөлік жолының 3-ші шақырымында 2024 жылдың 17 мамырында «Өрт-2024» Республикалық командалық-штабтық өрт сөндіру оқу-жаттығуы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының төтенше жағдайлар қызметі, ҚР ІІМ 6654 әскери бөлімінің жеке құрамы, ұлттық парктің өрт сөндіру жасағы және басқа да мүдделі мекемелердің қатысуымен өтті. Оқу-жаттығуға барлығы 18 техника, 94 адам қатысты.