2024 жылдың 28 қыркүйек күні Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Түрген филиалы Есік шатқалында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті студенттері, Түрген филиалының рекреация және туризм шеберлерімен бірге «Таза Қазақстан» атты тазалық акциясы өтті. Осы акцияға 79 адам қатысып, өз үлестерін қосты.