2024 жылғы 16 маусымда «Іле-Алатауы МҰТП» аумағындағы «Жалғанбұлақ» шатқалында жануарлар дүниесін қорғау және молайту бөлімінің қызметкерімен Ізтілеу Ә.Е. балапандар бойынша есеп жұмыстарын жүргізу кезінде видео бейнеге кекілік түсірілді.
Кекілік – Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік шығыс және шығыс тауларында таралған. Салмағы 300 – 700 г. болатын, орта мөлшері тауық құсы. Жылына 1 рет ұялайды, онда 7 – ден 21 – ге дейін жұмыртқа болады. Бұл түрдің қос ұя салатыны белгілі, біреуін аталығы басып отырғанда, екіншісін аналығы басады.