«Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ (бұдан әрі-Ұлттық парк) 2024 жылы әкімшілік материалдарды (хаттамаларды, қаулыларды және т.б.) электрондық түрде тіркеу үшін планшеттер сатып алынды. Ағымдағы жылдың шілде айында Ұлттық парктің жануарлар дүниесін қорғау және молайту бөлімінің (ЖӘҚжМ) мамандары Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, ӘӨБТ (әкімшілік өндірістердің бірыңғай тізілімі) қосымшасы арқылы электрондық тасымалдағыш (планшет) арқылы әкімшілік материалдарды толтыру және тіркеу бойынша оқыту және рейдтік іс-шаралар жүргізді).