Табиғатты қорғау – бүгінгі еңбегіміз, ертеңгі аманатымыз.

Күренкеев Ермек Жайлауұлы- табиғатты қорғау саласында көп жылдық тәжірибесі бар кәсіби маман. Орман оның жұмыс орны ғана емес, сонымен қатар өмірінің ажырамас бөлігі. Ол Іле-Алатауы Мемлекеттік Ұлттық табиғи паркінің, Талғар филиалында жедел топ инспекторы болып 12 жыл бойы қызмет атқарып келеді. Инспектор ретінде Ермек Жайлауұлы табиғатты қорғау шараларын белсенді түрде жүзеге асырып, орман экожүйесін сақтау жолында аянбай еңбек етіп келеді.
Ермек Жайлауұлы үшін орман – жай ғана жасыл кеңістік емес, тұтас тіршілік иесі, қорғауды қажет ететін баға жетпес қазына. Сондықтан ол табиғатты қорғау жолындағы қызметін үлкен жауапкершілікпен жалғастырып, туған жерінің көркеюіне өз үлесін қоса бермек.