Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Талғар филиалы 2024 жылдың өрт қауіпті маусымында орман өртінің алдын алудың, орман өртін сөндірудің оқу-жаттығуын өткізді. 2024 жылдың өрт қауіпті маусымына Талғар филиалы жоғары деңгейдегі дайындықпен келгендіктен, осы маусымда орман өртіне жол берілмеді. Орманда осы жылғы өрт қауіпті маусымның аяқталуына санаулы күндер қалғанымен орманшылар келесі маусымға дайындық жұмысын бастап кетті: өрт құрал-саймандарын түгендеп, жөндеу жұмыстары қолға алынды.