SMART патрульдеу аясында мемлекеттік инспекторларға смартфон тарату және оқыту жұмыстары басталды

Алатаудың күнгей бетінде орналасқан көршілес Қырғыз елімен бірлескен «Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі (Қазақстан) мен Чоң-Кемин мемлекеттік табиғи паркі (Қырғызстан) арасында транс шекаралық табиғат қорғау іс-шараларына бастамашылық жасау» жобасы аясында, мемлекеттік инспекторларға SMART патрульдеу оқу жұмыстары жүргізіліп, смартфондар таратылды.
Ұлттық парк аумағында мониторинг және қорғау шараларын күшейту мақсатында мемлекеттік инспекторлар арнайы смартфондарда smart патрульдеу жүргізеді. Смартфонда мониторинг жүргізу – электронды картада нақты орындары белгіленеді; инспекторлар аумқтары бойынша енгізген өзгерістер, жасаған жұмыстары ортақ базадан көру мүмкіндігін береді.