Іле-Алатау мем лекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында жабайы алманың гендік қорын сақтау үшін 2019ж Сиверс алмасы клон мұрағаты ж құрылған. Плантациядан алғаш рет биыл 1 түп алма жеміс берді.
Республикалық орман селекциялық-тұқым өсіру орталығымен бірлесіп отырғызылған 0.7 га жерге 350 дана Сиверс алмасы орман тікпе көшеттерінің қазіргі таңда өсімі жақсы. Көшеттердің көпшілігі 2,2 м биіктікке жеткен. Жартысына жуығы 1м биіктік шамасында. Себебі қар қалың түсіп қыс мезгілінде күн суытуынан бұтақтарының бір бөлігі үсіп қайта өсіп шығуда. Бақ ішінің шөптерін шабу, ұдайы кезең-кезеңімен арық арқылы суару жұмыстары жүргізіледі. Нәтижесінде жапырақтары сарғаймай сақталып қалған. Жабайы алма өскен жер телімі толық қоршалған. Анықтама аншлагы қойылған. Мониторингтік, фенологиялық бақылау жұмыстары жүргізіледі.