Іле-Алатау МҰТП аумағында сирек кездесетін сүтқоректілер түрлерінің бір шатқалдан, бір орыннан ерекше кездесуі

Бір нүкте, бір шатқалдан бірнеше сирек кездесетін түрлердің көрініс беруі ерекше қуантарлық жағдай. Іле-Алатау МҰТП аумағында жануарлар дүниесіне ұдайы бақылау жасалынады. Соның бір әдісі фотоқақпан орнату. Ұлттық парк аумағы құзар шыңды биік таудан, оның бір бөлігі қылқанды орманнан тұрады. Қар таудың жоғарғы бөлігіне ерте түседі де жол жағдайы күрделенеді. Соған байланысты кей кездері былтырғы жылы орнатылған материалдар қазіргі уақытта кеңсеге енді келуде. Бірақ жинақталған мәліметтер маңыздылығымен ерекшеленеді. Оны мониторингтік бақылау орны деп атаймыз. Мәселен ілбістің аналығы 2019 ж бері есейіп қалған 3 күшігімен кезеседі. Яғни 2 жыл сайын көбеюге қатысады десек, аландарының өсуіне қарап, антропогендік әсер қаупінің аз екенін меңзейміз. Сол шатқалдағы аймақтың аталған жыртқыштың азықтық қорының көптігімен байланысты. Саны тұрақты сақталған деуге болады. Түркістан сілеусіні, тянь-шань қоңыр аюы, ілбістің байқалуы – ерекше көрініс. Индикаторлы түрлер де кездесіп табиғи фаунаға көрік берді.
Ғылыми қызметкер Т.М Жапарқұлов