Сібір еліктері

Ұлттық парктің Ақсай филиалында желтоқсан айының екінші жартысында таудағы қалың түскен қар мен екі-үш күндік қатты аяздан кейін жануарлар тіршілігіндегі құбылыстың ерекше жағдайы байқалды. Ақсай филиалы сайларының бірінде теңіз деңгейінен 2000 м. биікте таудың күнгей беткейінде Сібір еліктерінің (лат. Capreolus pygargus) бұрын-соңды кездеспеген топтасуын мемлекеттік инспекторлар бақылады. Бұл көрініс желтоқсан айының 24-күні көзге ілінді. Жосып бара жатқан еліктерді көрген мемлекеттік инспекторлар өз таңданысын жасырмады. Тегінде бұл жануарлар күн суықта 5-10-нан шағын топ құрып, жайылады. Кейде одан да көп біршама 20-дан аса шоғырын көрген жайымыз бар. Бұл жолғысы көрер көзге қуаныш ұялатып, табиғат жанашырларында мақтаныш сезімін тудырды. Бір шатқалдың өзінде 75 дарағы саналып, келесі шатқалдан дәл сол мезетте 30 дарағы көрінді. Бейнені ұялы телефонға таспалаған мемлекеттік инспектор В. Хомайко. Еліктерің бұлай көп жиналуы ерекше жағдай. Дәл осы шатқалдан мониторингтік нүкте белгіленіп, ұдайы бақылауға алынады. Ұлттық парк мамандары, мемлекеттік инспекторлары тарапынан арнайы жоспарлы биотехниялық шаралар жүргізіледі.

 

Мақала авторы: ҒЗЖ және ТАБӘ бөлімінің ғылыми қызметкері Жапарқұлов Т.М.