«Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесінің аумағында жаңа жыл алдындағы қылқан жапырақты жас талдарды қорғау жұмыстары аяқталды. Осы мақсатта құрылған 13 бақылап өткізу бекеттерінде кезекшіліктер, жедел топтың түнгі рейдтік жұмыстары өз мәресіне жетті. Бұқаралық ақпарат құралдары да орманшылардың жас талдарды қорғау жұмысына белсенді қолдау көрсетті – жергілікті газеттерде шыршаның жас талдарын қорғау тақырыбында 8 мақала жарияланды.Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде қылқан жапырақты жас талдарды сындыру немесе кесіп алу фактілері ұлттық парк аумағында тіркелмеді.
.