Шыршаның жас талдарын қорғау жалғасуда

«Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ-сінің аумағында жаңа жыл алдындағы қылқан жапырақты жас талдарды қорғау жұмыстары жалғасын табуда. Осы мақсатта құрылған 10 бақылап өткізу бекеттерінде кезекшіліктер өз деңгейінде атқарылуда. Орман қорғау мемлекеттік инспекторлары күндізгі кезекшілікті атқарса, жедел топ инспекторлары түнгі рейдтік жұмыстарды жалғастыруда. Сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдарында – филиалдардың орналасуына қарай жергілікті газеттерде шыршаның жас талдарын қорғау
тақырыбында 6 мақала жарияланды. Бүгінгі күнге қылқан жапырақты жас талдарды сындыру немесе кесіп алу фактілері ұлттық парк аумағында тіркелмеді.