Шренк шыршасының табиғи жаңару жай күйін бағалау жұмыстары

Қазан айының соңында ғылым мамандары зерттеу жоспары бойынша Медеу филиалы, ҮАО, «Озерная» сайында, теңіз деңгейінен 2300 м биікте орман құраушы Шренк шыршасының популяциясына тоқтап, табиғи қалпына келу жағдайына ұдайы бақылау жүргізу мақсатында 20х20 аумақты қоршап, сынақ алаңшасын белгіледі. Алаңшада 3 дана биік Шренк шыршасы және 55-ке жуық жас шыршаның саны анықталды. Қауымдастықта шыршадан бөлек, 1 дана Альберт итмұрыны (Rosa alberti), 2 дана Отты ырғай (Cotoneaster ignavus), 2 дана Сібір (дәрі) арша (Juniperus sibirica), шөптесін өсімдіктерден беде (trifolium) бары анықталды.

 

 

ҒЗЖ және ТАБӘ бөлімінің ғылыми қызметкері Жапарқұлов Т.М және кіші ғылыми қызметкер Тұрсынбай К.С.