2024 жылғы 2 қазандағы Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің №232 бұйрығына сәйкес, республикалық маңызы бар, заңды тұлға мәртебесіне ие және министрліктің қарауында тұрған ерекше қорғалатын табиғи аумақтар көрсететін қызметтердің жаңа тарифтері бекітілді.Аталған бұйрық ұлттық парктер мен қорықтарда қызмет көрсету жүйесін жетілдіруге, сондай-ақ келушілер үшін қызмет сапасын арттыруға бағытталған. Өзгерістер ақылы қызметтердің бірқатарын, оның ішінде аумақтарға бару, экскурсиялар өткізу және табиғи нысандарды рекреациялық және білім беру мақсатында пайдалану қызметтерін қамтиды.Жаңа тарифтер туралы ақпарат, оның ішінде нақты сомалар, біздің ресми сайтта қоса берілген және танысуға қолжетімді.
Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі қорғалатын табиғи аумақтарда демалу үшін жайлы және қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз ете отырып, тұрақты туризмді дамытуға ұмтылады.