Рейдтік іс-шаралар
«Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесінің филиалдарында 2024 жылдың 13, 14 шілдеде орман өрттерінің алдын алу мақсатында, мемлекеттік инспекторлар мен арнайы жедел топ, ТЖД қызметкерлерімен және еріктілермен бірлескен рейдтік іс шаралары өткізілді.
Рейд барысында өрт қауіпсіздігін сақтау ережесі бойынша заң бұзушылық фактісі тіркеліп, 1 хаттама толтырылып 184 600 теңге айыппұл салынды, заңсыз балық аулау бойынша 1 оқиға анықталып, хаттама толтырылып 18460 теңге айыппұл салынды.