Құрметті алматылықтар және қала қонақтары!

Күздің шуақты күндерінде қаламызда «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында «Жарқын күз» экологиялық акциясы өтуде. Алматы – біздің ортақ үйіміз, оның болашағы бізге байланысты. Біз баршаңызды акциядан шет қалмай, қаламыздың тазалығы мен гүлденуіне өз үлестеріңізді қосуға шақырамыз!