Оқушылар сарайының экологиялық-биологиялық бөлімінде қалалық лэпбуктердің шығармашылық байқауы өтті. Байқау 2 кезеңде өткізілді:
1.«Қазақстан флорасы мен фаунасы» лэпбук байқауына 2-6 сынып оқушылары қатысты. Байқауға Қазақстанның флора немесе фаунасының жеке түрі туралы материалдардан тұратын лэпбуктер ұсынылды. Байқауға ұсынылған 82 лэпбуктердің 60-ын 2-5 сынып оқушылары, 22-сін 5-7 сынып оқушылары қорғады.
2. 7-10 сынып оқушыларына арналған «Табиғатты аяла» Республикалық жас өлкетанушылар, экологтар мен натуралистер форумының қалалық кезеңініңаясында өткен экология бойынша «Идеядан нәтижеге дейін» лэпбуктар байқауы 13 желтоқсан күні өткізілді. Байқау ережесі бойынша лэпбук келесі тақырыптардың бірін көрсетуі тиіс: «Табиғат пен біз», «Экологиялық соқпақ», «Қоқысты сұрыптау». Байқауда 53 лэпбук қаралып Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің эколог-ағартушысы С.Абилова әділ қазылар алқасы мүшесіне қатысып, қатысушылардың еңбегін бағалады.
Лэпбуктерді жасау барысында барлық қатысушылар қиялын, шығармашылығын және дарынын қосқаны көрініп тұрды. Лэпбуктерге балалар өз ойын, фантазиясын қосып, қызықты, ерекше жұмыстар жасаған.
Тақырыпқа сай, ақпараты мол, қызықты ойындары бар шығармашылық лэпбуктер лайықты бағаға ие болды.
Жеңімпаздар мен олардың жетекшілері дипломдармен, ал барлық қатысушылар «Алғыс хатпен» марапатталды.