Сирек кездесетін жануарды қорғауға және сақтауға арналған «Қар барысын сақтайық!» атты экологиялық апталық аясында ұлттық парктің орталық мекемесінде орналасқан «Алатаудың тылсым әлемі» атты визит орталығында эколог-ағартушылардың ұйымдастырумен №182 жалпы білім беретін мектеп, №188 мектеп гимназиясының оқушыларының қатысуымен, «Қар барысы» атты іс-шара өтті.
Іс-шара барысында оқушылар «Болашақ» және «Қар барысы» болып екі топқа бөлініп сайысқа түсті. Сайыста танымдық экскурсиялар, мозайкалық сұрақ жауап, табиғатты қорғау жайлы мақал-мәтел, сурет салу, викторина сөзден сөз құрау, осындай тақырыптар қамтылды. Ғылыми зерттеу бөлімінің маманы Т.Жапарқұлов фото қақпанның қалай орнатылатындығын көрсетіп, фото қақпанға түскен қар барыстары жайлы мәлімет берді. Оқушылар қызығушылық танытып, барлық берілген тапсырмаларды орындап белсене атсалысып, өз өнерлерін көрсетті. Әділ қазылар алқасының шешімі бойынша, қатысушылардың берілген тапсырмалардың орындалуына қарай білімдері бағаланып, «Қарбарысы» тобы бас жүлдені, «Болашақ» тобы бірінші орынды иеленді.