23 қазанда әлемде Халықаралық қар барысы күні аталып өтеді. Қазақстанда бұл сирек аңға ерекше назар аударылады. Бұл мереке 2013 жылы Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF) бастамасымен қар барысы түріне төнген қауіп-қатерлерге және оны қорғаудың қажеттілігіне назар аудару мақсатында құрылған.
Қар барысы — Орталық Азия тауларында мекендейтін сирек жыртқыш аң. Бұл жануар Қазақстанның Қызыл кітабына III санатта енгізілген, бұл оның санының әлі де азайып жатқанын білдіреді. Бұл түрге басты қауіптер — мекендейтін жерлерінің жоғалуы, браконьерлік және климаттың өзгеруі.
Талғар қаласындағы үш тілде білім беретін дарынды балаларға арналған Ю. Гагарин атындағы №8 мамандандырылған гимназияда Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Талғар филиалының мамандарының қатысуымен семинар өтті. Іс-шараға аңтанушы-биолог Лоян Саят, рекреация және туризм маманы Сартова Әсел, эколог-ағартушы Шалғынбаева А., Түрген филиалының эколог-ағартушысы Ниеталиева Жанаргүл және Түрген филиалының рекреация және туризм шебері Алимов Асубек қатысты.
Оқушылар қар барысының суреттерін салып, бұл аң туралы көптеген қызықты ақпараттар айтты. Аңтанушы-биолог тауда орнатылған фототұзақтар арқылы түсірілген бейнематериалдарды көрсетті.