Бүгінде, Қазақстанда негізгі бағдарламалардың бірі «Таза Қазақстан» екенін білеміз. Ал оның негізгі құрамдас бөлігі–қоғамның экологиялық мәдениетін қалыптастыру. №188 мектеп гимназиясында 1-11 сынып оқушылары арасында «PLASTIC REBOOT» қақпақтар шеруі өтті. «Көңілді қақпақтар» шеруінде ең көп нәтиже шығарған төмендегі сыныптар марапатталды. 1-орын-3 «В» сыныбы, сынып жетекшісі Қалқаева Б; 2-орын 4 «В»сыныбы, сынып жетекшісі Сагындыкова С; 0 «В»сыныбы, Масалимова М; 3-орын 7 «Ә», 8 «Г» сыныптар, сынып жетекшілер; Хамитова А, Сегізбай Н. Экоәлем жетекшісі: Жақыпақын Ш.Н.
«Көңілді қақпақтар» шеруінің мақсаты: оқушылардың ойлау қабілетін, жалпы дүниетанымын, ғылыми көзқарасын дамыта отырып, өз елінің қамын ойлайтын, табиғат байлығын көз қарашығындай қорғайтын азамат болуға тәрбиелеу.