Отандық баспасөзде Ұлттық парк биоалуантүрлілігі насихатталуда

Еліміздің табиғи байлығын қорғау, сақтау, молайту және өзгерістерін бақылау негізінде атқарылған жұмыстарды, әрбір ерекше қорғалатын табиғи аумаққа жауапты мекеме қызметкерлері көпшілікке барынша жеткізуге тырысады. Осындай жүйелі жұмыстар Іле-Алатау МҰТП-де жолға қойылған. Мерзімді баспасөзге меншікті тілшілердің немесе осы салаға маманданған тұлғалардың көмегінсіз мекеме қызметкерлері қызық, әрі ақпараты мол, оқырманға пайдалы мақалаларды жарияланымға үнемі беріп отырады. Бұл жұмыстардың маңызы ерекше. Ұлттық парк қызметкерлері жасап жатқан еңбектердің еліміздегі маңдайалды баспасөз құралдарына тұрақты шығып отыруы қуантарлық қызмет деп санауға болады. Оның үстіне бұл жұмыстар аталған сала мамандарының шығармашылық табысқа жетуіне үлкен серпін береді. Биыл қазан айында жазылған түлкі аңы жайлы мақаланың Ұлттық парк тарихында алғаш рет төрт бірдей газетке шыққан данасын виртуал оқырман назарына ұсынуды жөн көрдік.

Іле-Алатау МҰТП ғылыми қызметкері Т.М Жапарқұлов