2024 жылы 4-5 қараша күндері Алматы қаласында БҰҰ ұйымдастыруымен Орталық Азия елдерінің офлайн және қашықтан қатысуымен халықаралық семинар өтті. Оның негізгі мақсаты – Орталық Азия елдерінде климат өзгерісіне бейімделу, тұрақты дамуды қамтамасыз ету және биік таулы нивальды-гляциалды жүйелерді (қар және мұздық аймақтар) кешенді бағалауға бағытталған аймақтық ынтымақтастықты нығайту. Іс-шарада табиғи ресурстарды сақтап, климаттық тәуекелдерді басқару үшін жоғары таулы аймақтардың экожүйелеріне әсер ететін климат өзгерісі мәселелері қарастырылды. Семинарға қатысушылар ортақ жобалар мен зерттеулер жүргізудің маңызды қадамдарын талқылап, тәжірибе алмасты.
Осы семинар арқылы Орталық Азияның биік таулы аймақтарын қорғау және тұрақтылықты арттыру жолдарына назар аударылды.