Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Орманды қорғау, молықтыру және қалпына келтіру бөлімінде орман саласында жоғары білімі бар мамандар жұмыс істейді. Орман өсімдіктерінің патологиясын анықтау мақсатында мамандар пікір алмасты. Қарағай, Шренк шыршасы, қырым қарағайы ағаштарының сырт келбетіндегі белгілері бойынша, парк аумағында кездесетін аурулар мен зиянкестердің түрлерін анықтау бойынша жас мамандарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.