Өрт сөндіру оқу-жаттығуы
«Іле-Алатауы МҰТП» Ақсай филиалы Қаскелең орманшылығының Қаскелең сайында 2024 жылдың 06 маусымында Қарасай ауданы әкімшілігінен келіп түскен хат негізінде өрт маусымы кезінде өрт сөндіру оқу-жаттығуы Қарасай ауданының төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндірушілері, Ауылдық округтер әкімшілігі, Медицина қызметкерлері, Полиция қызметкерлері және Ұлттық парктің өрт сөндіру жасағының және басқа да мүдделі мекемелердің қатысуымен өтті. Оқу-жаттығуға барлығы 7 техника, 2 дрон, 80 адам қатысты.