Өрт қаупі бар маусымның аяқталуы.

Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің мемлекеттік орман қоры аумағында 2024 жылдың өрт қаупі бар маусымы осы жылдың 11 қарашасынан бастап аяқталатыны туралы ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2024 жылдың 22 қазанындағы No27- 03/298-нқ бұйрығы басшылыққа алынды. Осыған сәйкес ұлттық парк бас директорының 2024 жылдың 22 қазанында No149-нқ бұйрығы жарияланып, барлық филиалдарға жолданды. Бұйрық негізінде әр орманшылық басшыларына өрт сөндіру құрал-саймандарының жарамдылығын және толықтыруды қажет ететін санын анықтап, сақтау жұмыстарының жүргізілуін қадағалау тапсырылды. Сондай-ақ, өрт қауіпі бар маусымның қорытынды кеңестеріне дайындық жүргізілуде.