«Өрт 2024» тактикалық оқу-жаттығулары өткізілді

2024 жылдың 15 мамырында Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Ақсай және Талғар филиалдарының қызметкерлері Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментімен бірлескен Республикалық командалық штабтың «Өрт 2024» тактикалық оқу-жаттығуларын өткізді.

Оқу – жаттығулар барысында ұлттық парк мемлекеттік инспекторлары жұмылдырылған басқа да мекемелердің қызметкерлерімен орман өрті орын алған жағдайда өрт сөндіру іс-қимылдарының үйлестірілуі, сонымен қатар өртке қарсы қолданылатын арнайы техникалар мен құрал-жабдықтардың тиімді пайдаланылуы басты назарға алынды.