Құрметті келушілер мен туристер!
01.07.2024 жылғы Алматы облысының төтенше жағдайларды алдын алу жөніндегі комиссиясының №6 хаттамасының 1.3.5-тармағын орындау мақсатында, 2024 жылғы сел қаупі бар кезеңде «Талғар-Спутник» 11 км және №19 моренналық көл арқылы сел жүру қауіпіне байланысты төтенше жағдайларды алдын алу мақсатында, Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі келесі шараларды қабылдайды:
2024 жылғы 09 шілдеден бастап Іле-Алатауы МҰТП Талғар филиалының Маралсай экологиялық бекеті арқылы демалушылар мен туристер үшін жол жүру шектеледі.
Тек мүдделі мемлекеттік қызметтерге жол жүруге рұқсат етіледі.
Барлықтарыңыздан осы шараға түсіністікпен қарауды сұраймыз.