«Көңілді қыс» мерекесі❄️

Көңілді қыс» мерекесі Іле- Алатауы МҰТП Талғар филиалында өтті. Ю.Гагарин атындағы мектеп лицейінің мектеп орманшылығының оқушылары, ұстаздарымен бірге серуендеудің керемет тәсілі табиғат аясындағы сырғанаққа барып, ерекше қорғалатын табиғат аумағындағы табиғаттың қысқы әсемдігін көріп тамашалап, өз өнерлерін көрсетті. Мамандар сырғанақта жарақат алып қалмау үшін қауіпсіздік сақтауға шақырып, ережелермен таныстырды.