Колпаков иридодиктиумы (лат.Iridodictyum kolpakowskianum) – Орталық Азияда кең тараған Iridaceae тұқымдасына жататын пиязшық арқылы көбейетін көпжылдық өсімдік. Қазақстанда батыс Тянь-Шань, Қаратау, Қырғыз жотасы, Шу-Іле таулары мен Іле-Алатауының барлық жоталарында кездеседі. 2001 жылы алғаш Жоңғар-Алатауының оңтүстік сілемдерінен табылған. Биіктігі 10-25 см-ге жетеді. Iridodictyum kolpakowskianum – ықшам мөлшерімен және мол гүлденуімен ерекшеленеді, бұл ерекшелігі үшін оны саябақтарға, композицияларға және жартас бақтарын безендіру үшін де қолданады. Бұл өсімдік күн шуақты жерлерді және жақсы құрғатылған топырақты жақсы көреді. Iridodictyum kolpakowskianum – салыстырмалы түрде аз күтімді қажет ететін өсімдік. Ол әдетте құрғақ топырақта жақсы өседі. Бұл өсімдік өзінің сұлулығы мен қарапайым тіршілігіне байланысты рокарий бақтарында сәндік элемент ретінде жиі пайдаланылады. Биыл парк аумағында алматылық фотограф Дмитрий Доценко түсірген Колпаков иридодиктиумының көз тартар рәсімдерін назарларыңызға ұсынамыз.