Көгалдандыру іс-шарасы

Іле-Алатауы МҰТП Алматы мемлекеттік кешенді табиғи қаумалының мемлекеттік инспекторлары Белшабдар шатқалында кордонды көгалдандыру мақсатында, сондай-ақ болашақта жабайы жануарлардың қоректік орындарын жасау, сүйекті тұқымды өсімдіктерді көбейту үшін ағаш отырғызу жұмыстарын жүргізді. Сондай ақ і-шараға ОҚМ және ЛО бөлімінің бастығы Р. Мұхаметжанова, ҒЗЖ және ГАБӘ бөлімінің бастығы С. Үсербаева, ЭАжТБ бөлімінің эколог-ағартушысы С. Абилова қатысты.