Іле-Алатауы ұлттық табиғи паркінің 30 жылдығына орай жоспарланған жиын өтті

Бас директор орынбасары Шантаев Арқау Әсетұлы ҒЗЖ және ТАБӘ бөлімінің мамандарының қатысуымен Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің келер жылы аталып өтілетін 30 жылдық мерейтойын ұйымдастыруға арналған жиын өтті.
Жиын барысында бөлім мамандары мерейтой аясында атқарылатын еңбектер мен іс-шаралар бойынша өз ұсыныстарын және идеяларын ортаға салды. Талқылауда мерейтойдың маңыздылығын атап өтіп, ұлттық парк тарихын, табиғи байлықтарын және оны қорғау бойынша атқарылып жатқан еңбектерді насихаттайтын бастамаларға ерекше көңіл бөлінді. Бұл жиын 30 жылдық мерейтойды жоғары деңгейде өткізу үшін маңызды жоспарларды анықтауға мүмкіндік береді. Ұлттық парк алдағы уақытта да табиғатты қорғау және экотуризмді дамыту бағытында жаңа бастамаларды жүзеге асыру жоспарлануда.