Іле-Алатауы ұлттық паркінің мамандары Қазақстан телеарнасына сұхбат берді. Сұхбат барысында ұлттық парк мамандары атқаратын қызметтер жайлы маңызды мәліметтермен бөлісті.
Ұлттық парк ғылыми зерттеу бөлімінің мамандары табиғат пен биоалуантүрлілікті қорғау бағытында жүргізілетін жұмыстар туралы айтты. Олар жануарлар әлемін зерттеу және сақтау мақсатында ғылыми бақылаулар жүргізіп, экожүйенің тепе-теңдігін қамтамасыз етудің маңыздылығын түсіндірді. Сонымен қатар, туризм бөлімінің маманы парк аумағындағы экологиялық маршруттар мен туризмді дамыту шаралары туралы ақпарат ұсынды. Сұхбат барысында ерекше көңіл фотоқақпандарды (фототұзақтар) орнату әдістеріне бөлінді. Мамандар фотоқақпандардың жабайы жануарлардың тіршілігін бақылаудағы рөлі мен олардың экожүйеге әсерін зерттеудегі маңызын түсіндірді. Фотоқақпандар орнатылатын жерлерді таңдау мен оларды техникалық жабдықтаудың ерекшеліктері де атап өтілді. Бұл сұхбат Іле-Алатауы ұлттық паркінде атқарылып жатқан маңызды жұмыстарды насихаттап, қоғамның табиғатты қорғауға деген жауапкершілігін арттыруға бағытталды.