Іле-Алатауы ұлттық паркі мамандары «Qazaqstan» ұлттық телеарнасына сұхбат берді.

ҒЗЖ және ТАБӘ бөлімінің басшысы Усербаева С.А. мен Ақсай филиалының директор орынбасары Дәуренбаев Ш.А. “Qazaqstan” ұлттық телеарнасының ұсынысы бойынша климаттың өзгеруіне қатысты, сондай-ақ жаһандық жылынуы, өсімдіктер мен ағаштарға, орман шаруашылығына тигізіп жатқан әсеріне қатысты сұхбат берді. Сұхбат барысында мамандар орман ағаштары арасында түрлі аурулар мен зиянкестердің таралуы байқалып отырғанын, бұл жағдайдың климаттық өзгерістер мен экологиялық ахуалдың нашарлауынан туындағанын айтып, орман аурлары және зиянкестерімен күресу үшін зақымдалған ағаштарды арнайы рұқсат арқылы кесілетінін, ал орман зиянкестері биологиялық препараттармен дәріленетіндігі айтылды. ҒЗЖ және ТАБӘ бөлімі.