Іле-Алатауы ұлттық паркі аумағында туристік соқпақтарды жайластыру жұмыстары жалғасуда.

Туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қолайлы жағдай жасау мақсатында Іле-Алатау ұлттық паркі аумағында туристік соқпақтарды жайластыру жұмыстары жалғасуда.
Ағымдағы жылы Алматы қаласы туризм басқармасының қолдауымен ұлттық парк аумағында 3 кемпинг аймағы ұйымдастырылып, қолданысқа берілді. Оның ішінде Кіші Алматы шатқалында (Альпенград), Титов көл аумағында және Терра алаңында кемпингке арналған жеңіл конструкциялар орнатылды. Сонымен қатар, Терра алаңына апаратын соқпақтың бойында ұзындығы 9 метрлік өзен үсті жаяу жүргіншілерге арналған көпір салынды.