Іле – Алатауы МҰТП РММ – нің Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті

“Іле – Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі” республикалық мемлекеттік мекемесінің кезекті үйлестіру кеңесі “Шымбұлақ” тау курортының кеңсесінде өтті. Кеңес аясында «Көшкін қауіпсіздігі» және алдын алу, көшкін қаупін анықтау мәселелері қаралды. Сондай-ақ тәуекелдерді азайтып қана қоймай, Іле Алатауының таулы аудандарына келетіндер үшін қауіпсіз жағдайлар жасауға көмектесетін қосымша шаралар талқыланды.