Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында жаңа кемпинг-аймағы орнатылды.
Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында теңіз деңгейінен 3450 метр биіктікте орналасқан Альпинград алаңда кезекті кемпинг-аймағы ашылды. Альпинград белсенді демалысқа құмар әуесқойлар арасында танымал Амангелді, Мәншүк Мәметова, Пионер, 28 понфиловшылар шыңдарымен қоршалған. Осы себептен де Альпинград алаңы демалысқа қолайлы орындардың бірі болып саналады. Кемпинг-аймақ жайлы демалыс үшін барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етілген – мұнда кең шатыр алаңдар, жабық үстелдер мен орындықтар, жайлы күрке бар. Тіпті сағаттап тауда уақыт өткізген туристерге гаджеттерін зарядтау үшін таптырмас құрылғы күн панельдерімен де жабдықталған. Сонымен қатар, күркеде келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін сигналды маяк орнатылған. Қалалық туризм басқармасының қолдауымен жасалған кемпинг аймағы, жыл соңына дейін парк аумағына «Терра» алаңында және Титова көлі маңында тағы екі кемпинг-аймақтың ашылуы жорспарлануда.