Жануарлар дүниесін қорғау және молайту бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес бөлім бастығы Б.Рүстемханұлы бастаған Іле-Алатауы МҰТП инспекторлары 2024 жылдың маусым айында табиғатты қорғау іс-шараларын (жануарлар дүниесін қорғау, браконьерлікпен күрес) өткізді. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы 1-бөлігі (балық аулау ережелерін бұзу) бойынша табиғатты қорғау заңнамасын бұзу фактілері анықталды. Бұдан басқа, ерекше қорғалатын табиғи аумақта болу ережелері мен тәртібі туралы халықпен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.