Іле-Алатау тауларындағы ілбістердің қысқы тіршілігі

Іле-Алатау шатқалдарында мекендейтін – Ілбістер, Іле-Алатау МҰТП мен Зоология ғылыми-зерттеу институты мамандарының ұдайы бақылауында. Жыл сайын мамандар күз айлары мен көктем мезгілінің аяғына дейін, 2000 метр биіктіктегі ілбіс жүретін соқпақтар мен жартастарға фотоқақпандар орнату арқылы мониторинг жұмыстары жүргізіледі.

Аталған жұмыстар нәтижелі шықты. Әдеттегідей ілбістер сол аймақты тұрақты мекендейтінін көрсетіп фотоқақпанға ілікті. Тіпті кейбірі алшаң басып тау қожасы өзім дегендей дала төсінде еркіндікті сезінуін көруге болады. Әрбір фото-видеолар сараланып Зоология институты ғалымдарымен бірлесе ілбістің әрқайсына жеке ID-код (сырттай паспорт) қойылады. Көпшілікке ұсынылып, жанама есім беріледі. Мәліметтердің барлығы ғылыми дерек ретінде құндылығымен ерекшелінеді. Фотоқақпанға түскен көріністерді назарларыңызға ұсынамыз.

Ғылыми қызметкер  Т.М. Жапарқұлов