Аюсай шатқалында өткен экскурсия

Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің эколог-ағартушылары С.Абилова, И.Жанкетаева «Ski Park Pioneer» жазғы балалар лагерінің оқушыларымен ұлттық парк аумағындағы кәсiптiк бағдар беру мақсатында Медеу филиалы, Үлкен Алматы орманшылығында ұлттық парк жәйлі дәріс-сабақ және экскурсия өткізді. Іс-шара барысында оқушылар өз ойларымен бөлісіп, қызығушылық танытып, ұлттық парк жайлы сұрақтар қойып білімдерін шыңдай түсті.