“Экологиялық калейдоскоп” атты семинар сабақ өтті

«Парктер шеруі» халықаралық экологиялық табиғат қорғау акциясы аясында №188 мектеп-гимназиясының «ЭкоӘлем» ұйымы Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің эколог-ағартушыларымен бірлесе отырып оқушылармен «Экологиялық білім күні» негізінде, 5-11 сынып оқушылары арасында «Экологиялық калейдоскоп» семинар-сабақ, пікір талас өткізді. Экологиялық тәрбиенің негізгі мақсаты – жастардың экологиялық көзқарасын, санасын, табиғатқа үлкен парасаттылық, жауапкершілік, қарым-қатынасын қалыптастыру. Осы тәрбие арқылы адамның мәдениеттілік сезімі, экологиялық санасы қалыптасады.