Қазақстанның флорасы мен фаунасы ерекше. Мемлекет аумағында құстардың, сүтқоректілердің, жәндіктердің және өсімдіктердің тек біздің табиғатымызға ғана тән көптеген түрлерін кездестіруге болады. Жануарлар әлемінің көптеген түрлері Қазақстанның нағыз рәміздеріне айналып, ерекше қорғалуда. Жануарлардың, өсімдіктердің және жәндіктердің құнды және жойылып бара жатқан түрлерінің есебін жүргізу үшін «Қазақстанның Қызыл кітабы» жасалды. Жастарды экологиялық ағарту мақсатында Іле-Алатауы МҰТП, Талғар филиалының эколог-ағартушысы А.Шалғынбаева Ю. Гагарин атындағы №8 мамандандырылған лицейіндің 8-сынып оқушыларымен бірге «Ұлттық парктің табиғаты мемлекеттің бақылауында» атты дәріс және тренинг өткізді. Оқушылар белсене қатысып, өз ойларымен бөлісті.