Экологияны қорғай отырып, ұлттық құндылықтарымызды ұмытпау, келер ұрпаққа дәріптеу мақсатында, №188 мектеп-гимназиясында 10 сыныптар арасында «Экоәлем және адами құндылықтар» тақырыбында ұстаздар Ш.Жақыпақын мен А.Абильдаеваның ұйымдастыруымен, Іле-Алатауы МҰТП эколог-ағартушылары С.Абилова, П.Сайлаукенова мен бірлесе отырып іс-шара өткізді. Іс-шараға Алматы қаласы Наурызбай ауданының мектептерінің ұстаздары қатысып, топқа бөлініп сайысқа түскен оқушылардың білімін бағалап, өнерлерін тамашалады.