Браконьерлік бойынша ақпарат

Ағымдағы жылдың 9 қазан күні Алматы облыстық аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының,Іле-Алатау ұлттық паркінің қызметкерлері және Алматы облысының табиғат қорғау прокуратурасының қызметкерлері және Алматы облысының табиғат қорғау полициясы мен бірлесіп,Іле-Алатау ұлттық паркінің аумағында жануарлар әлемін қорғау мақсатында жүргізілген операциялық -рейдтік шаралар кезінде Тойота Прадо маркалы автокөлікті тоқтатты.Автокөлікті тексеру барысында көлік салонында екі сібір елігінің денесі және тегіс ұңғымалы мылтық табылып,тәркіленді.
Осы факт бойынша Қарасай аудандық АПБ-ында ҚР ҚК 337-бабы 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды.