Болмысы сырға толы Шмальгаузения гүлі

30-қазан күні ұлттық парктің ғылыми қызметкерлері Жапарқұлов Т.М., Тұрсынбай К.С. Медеу филиалы, Үлкен Алматы орманшылығында, теңіз деңгейінен 3340 м биікте өсетін Шмальгаузения (Schmalhausenia nidulans) өсімдігіне мониторингтік бақылау жұмыстарын жүргізді. Бұл өсімдік әлем бойынша кеңінен зерттелмеген, әрі коммерциялық мақсатта қолданылмайды, әйтсе де ол экожүйеде маңызды рөл атқарады. Гүлдері өсімдіктердің көбеюіне және аймақтың жалпы биологиялық алуандығына көмектесетін ара мен көбелек сияқты жәндіктерді өзіне тартады. Оған мамандар далалық қызмет барысында куә болды. Онда бал арасының өлі денесі табылды. Аралар аталған өсімдіктің тозаңын жинауға ішіне кіріп, шыға алмай қалатын көрінеді. Шмальгаузенияның шектеулі таралу аймағын ескере отырып, оның тіршілік ету ортасын жойылудан және инвазиялық түрлерден қорғау маңызды.

 

 

ҒЗЖ және ТАБӘ бөлімінің кіші ғылыми қызметкері Тұрсынбай К.С.